Астанада жаңадан салынған TANYM ART оқушылар сарайы ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Көпфункционалды кешен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Онда робототехника, STEM-технологиялар, ғылыми-техникалық шығармашылық, би, өнер және басқа да бағыттар бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Сондай-ақ екі бассейн, спорт және концерт залдары, арнайы оқу кабинеттері мен шығармашылық кеңістіктер қарастырылған.
