Астанада такси жүргізушісіне балағат сөз айтқан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында такси жүргізушісіне қатысты жолаушының құқыққа қайшы әрекет жасалғанын анықтаған.

Жарияланған бейнежазбада ер адамның көлік салонында қызға тиісіп, балағат сөздер айтқаны көрінеді. Аталған факт бойынша 39 жастағы құқық бұзушы — Данияр Ахметов анықталды.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Соттың шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі жаза тағайындалды.