Қазақстанда Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимараты ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Астана қаласындағы Анатолий Храпатый көшесінде орналасқан Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тоқаев пен Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшыларына Тәжікстан елшілігінің ғимараты туралы ақпарат беретін бейнеролик көрсетілді. Содан кейін олар дипломатиялық өкілдікті аралап көрді.
