Астанада 4-6 шілде аралығында Сығанақ көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Шектеу Акмешіт көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта қолданылады. Себебі — асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу бойынша жол жұмыстары.
Әкімдіктің мәліметінше, көлік қозғалысы екі бағытта да бір жақпен ұйымдастырылады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер маршруттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруге шақырылады.
Сондай-ақ Астанада бірнеше басқа учаскелерде жол жұмыстары жалғасуда. Сауран көшесінің бойында Алматы көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс 30 шілдеге дейін толығымен жабылған. Төле би көшесінде Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралықта шектеулер 5 шілдеге дейін, Тілендиев даңғылында Айналмалы көшесінен Орталық көшесіне дейінгі аралықта — 6 шілдеге дейін сақталады.
Бұған дейін «Курсив» Астананың негізгі магистральдарының бірі жол жұмыстарына байланысты 20 шілдеге дейін ішінара жабылатынын хабарлаған болатын.
