Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырында өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тұтану Есіл ауданындағы Ақмешіт көшесінде тіркелген. Өрт рубероид пен полиэтиленді қамтып, ауданы 30 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге жоғары дәрежелі ранг берілді. Оқиға орнында ТЖМ-нің 35 қызметкері мен 14 техника бірлігі жұмыс істеді.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін «Курсив» Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары теміржол бойындағы құрғақ шөпті сөндіруге тартылғанын жазған. Чкалово — Золоторунное аралығында өрт 1,6 гектар аумақты қамтып, рельстерге 10-15 метрге жақындады. Зардап шеккендер, инфрақұрылымға зақым келген жоқ және пойыздардың кешігуі тіркелген жоқ.