Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Есіл ауданы Ақмешіт көшесі мекенжайында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің аумағында өрт шықты.

Ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтилен жанған.

Оқиға орнына жеткен елордалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері жоғары ранг бойынша жұмыс істеді.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші және 14 арнайы техника жұмылдырылған.

ТЖМ күштерімен өрт бірнеше минутта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.