Астанада Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 17-27 қазан аралығында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады.

«Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді. Бұл күндері елорданың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар ұйымдастырылады», - делінген ресми хабарламада.

«Republic Day» мен «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысып жатқан сауда орталықтарының тізімін мына жерден көруге болады.