Астанада Қорғалжын тасжолының "Рубеж" бекетінен №128 көшеге дейінгі аралықта орташа жол жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған хабарламада, 8 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатыны айтылған. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, дейді әкімдікте.