Астанадағы Сарыарқа ауданы, Кенжин көшесінде орналасқан қоқыс және резеңке-техникалық бұйымдар қоймасында өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер оқиға орнына келген кезде ашық жану және қалың қара түтін байқалған. Өрт сөндірушілер оқпандарды беріп, өртті жоюға кірісті. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Қазіргі уақытта өртті толық жою шаралары қабылдануда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін «Курсив» елордалық тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде 14 адамның құтқарылғанын хабарлаған болатын.
