Астанада өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы Алаш тас жолы бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіруді жалғастыруда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнында министрліктің бөлімшелері жергілікті атқарушы органдардың қызметтерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 100-ге жуық қызметкер мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруді қатты түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктері қиындатуда. Осыған қарамастан, өрт сөндірушілер өртті оқшаулау және толық сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.

ТЖМ өрт жағдайы бақылауда екенін және оқиға орнындағы жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстанда бір тәулік ішінде алты орман өрті сөндірілгені туралы жазған болатын.