Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебі ашылуы мүмкін. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тамыз конференциясының пленарлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа формация мамандарын даярлау қажеттігін ерекше атап өтті. Президент бұл жұмысты орта білімнен бөліп қарауға болмайтынын, төменнен жоғары қарай біртұтас жүйе болуы керектігін айтты.

Сонымен қатар, Тоқаев 18 жасқа толған жасөспірімдердің мектеп партасында отырғаны қаншалықты дұрыс деген орынды сауал туғызатынын жеткізді. Ол әдетте Назарбаев зияткерлік мектептерінде және жеке меншік білім ошақтарында солай қалыптасқанын, бірақ қазіргі балалар физиологиялық тұрғыдан тез жетілетінін ескерсек, бұл қаншалықты ақылға қонымды екенін сұрады. Президент министрлік осы мәселені қарастырып, қажет болса тиісті шешім жолдарын ұсынады деп ойлайтынын білдірді.

Астанада қыркүйек айында президент жаңа формация мамандарын даярлайтын Жасанды интеллект университеті ашылады. Бірақ Тоқаев бұл жеткіліксіз деп санайды. Ол Үкімет Қытайдың жаңа технологияларды меңгерудегі жетістігі мен тәжірибесін ескере отырып, Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашу мәселесін пысықтағаны жөн деп атап өтті.