Астанада полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының формасын заңсыз пайдаланып видео түсірген ер адамды анықтады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, «погондағы блогер» өз видеоларымен тәртіп сақшыларының жұмысына кір келтірген. Күмәнді контент әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде полицейлердің назарына іліккен.

Автордың жеке басы тез анықталды — ол елорданың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Оны полиция бөліміне жеткізді.

«Осы факті бойынша ер адам арнайы киімнің айырым белгілері бар нысанды киімді заңсыз кигені, сондай-ақ құқыққа қайшы контентті орналастырғаны және таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді», — деп хабарлады Астана ДП.

Полиция департаменті құқық қорғау органдарының нысаны мен символикасын заңсыз пайдалану заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Ведомство интернет-кеңістікті мониторингілеу тұрақты түрде жүргізілетінін де атап өтті.

Бұған дейін «Курсив» Алматыда әлеуметтік желілерде Жузефина деген атпен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаеваның ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Тікелей эфирлер кезінде ол бала кезінде өз әкесі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан. Ақпарат ақыры расталмады, блогерге ұсақ бұзақылық және жалған ақпарат таратқаны үшін 10 тәулік қамау жазасы тағайындалды.