Астанада «Меруерт» тұрғын үй кешенінің балалар алаңында қарулы сарбаз, ұрыс тікұшақтары мен истребительдер бейнеленген суреттер боялып жабылды. Есіл ауданының әкімдігі бұл өзгерістер тұрғындардың пікірі ескеріле отырып жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Суреттерге Threads әлеуметтік желісіндегі didar_toledo деген лақап атпен пайдаланушы назар аударған. Ол ойын құрылымдарының безендірілуі туралы жазба жариялаған.

«Балалар алаңда күн сайын соғысқа арналған суреттерді неге көруі керек?» — деп сұрақ қойған жарияланым авторы.

HALYQSTAN-ның сұранысына жауап ретінде аудандық әкімдік құрылымдардың 2021 жылы жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орнатылғанын түсіндірді.

«Элементтер балалар үшін қызықты және әртүрлі ойын кеңістігін құру мақсатында қарастырылған болатын», — деп хабарлады әкімдікте.

Ведомствода тұрғындардың пікірі ескеріле отырып, суреттердің бұған дейін боялып жабылғанын қосты.

Бұған дейін «Курсив» депутаттар тұрғын үй сапасының бірыңғай ең төменгі стандартын енгізуді ұсынғанын жазған болатын. Онда балалар мен спорт алаңдарын, жарықтандыруды және көгалдандыруды міндетті түрде ұйымдастыру қарастырылған. Сондай-ақ олар мемлекеттік қаражат есебінен бұрын салынған үйлердің абаттандырылуы бекітілген жобаларға сәйкес келе ме, соны тексеруге шақырған.