Tarlan Astana жеңіл рельсті көлік жүйесі іске қосылған сәттен бері 3,1 миллион жолаушыны тасымалдады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған хабарламада: "Қазіргі уақытта жүйенің орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 70 мың адам. Бұл көрсеткіш оның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді", - делінген.

Әкімдікте Tarlan Astana елордадағы қоғамдық көліктің негізгі түрлерінің біріне айналып, жолаушыларға жылдам, жайлы әрі қолайлы қатынау мүмкіндігін ұсынып келеді.

Айта кетейік, елордада Tarlan Astana жобасының Қосшы бағытына арналған екінші кезеңін іске асыру жұмысы басталды. Жобаның жүзеге асырылуы елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға және тұрғындар мен қала қонақтарының жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.