Астанада құрылыс алаңында кран құлап, кран жүргізушісі қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиғаны растады. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, ер адам алған жарақатынан қаза болды.
Полиция қылмыстық іс қозғады. Қалалық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, іс «Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша» қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
