Астанада көлік дүңгіршекке соғылып, жасөспірім қыз зардап шекті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai Accent автокөлігі жеміс-жидек сататын дүңгіршекке соғылған. Көлік рөлінде 18 жастағы бозбала болған.
«Бөлекпаев көшесімен келе жатып, көлік рөліне ие бола алмай, көкөніс дүңгіршегіне соғылған. Оқиға салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жасар қыз зардап шекті. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды», - дейді полицияда.
Мамандар оған қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты. Тергеу жүріп жатыр.
