Астанада тұрғын үйдің кіреберіс терезесінен далаға кіші дәрет сындырған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елорданың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 24 тамызында сағат 00:30-да болған. Ер адам тұрғын үйдің баспалдақ алаңында болып, кіреберіс (подъезд) терезесінен көшеге қарап тұрып кіші дәрет сындырған.
Ер адамның қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Сот жаза тағайындау кезінде әрекеттің сипатын, қоғамға деген құрметсіздікті және әлеуметтік желілердегі оқиғаның жариялылығын ескерді.
Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
