Астана тұрғындары мен қала қонақтары 31 қаңтар және 1 ақпан күндері еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлердің өнімдерін тікелей сатып ала алады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Екі күнге созылатын жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі аймақтарынан әкелінген азық-түлік ұсынылады. Келушілер жаңа піскен көкөністер мен жемістер, ет және сүт өнімдері, сондай-ақ ұннан жасалған тағамдар, табиғи шырындар мен тосаптар сияқты тауарларды таңдай алады. Барлық өнім делдалсыз, тікелей өндірушілердің өз бағасымен сатылады.

Жәрмеңке «Keryen Joly» сауда орталығында ұйымдастырылады. Нақты мекенжайы – Алаш тасжолы, 35Б. Қала тұрғындарының жәрмеңкеге келуіне ыңғайлы болу үшін сауда орталығының маңынан бірнеше қоғамдық көлік бағыты өтеді. Олардың қатарында № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобустары бар.

Фото: Әлеуметтік желіден