Астанада Тауелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешенінде екі лифтіні бүлдірген 34 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, ер адам мас күйінде болған және үйдің ортақ мүлкін әдейі бүлдірген.
Ведомствоның хабарлауынша, бұзушы алдымен бірінші, содан кейін екінші лифтінің есіктерін сындырған. Ол есіктерді қолымен ашып, тепкілеп, соққы жасаған, нәтижесінде көтергіш жабдық істен шыққан.
Материалдық залал сомасы 1,5 млн теңгені құрады.
Бөтен мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.
Полиция бөтен мүлікке қол сұғудың кез келген түрі Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Бұған дейін «Курсив» Тауелсіздік даңғылы, 21/9 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде екі лифтіні бүлдірген ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде тарағанын жазған. Астана полиция департаменті онда үйдің ортақ мүлкін бүлдіру фактісі бойынша тексеру басталғанын хабарлаған.
