Астана қаласы Сарайшық ауданында «Арыс» көпірінің астында ер адам Есіл өзенінен жүзіп өтпек болған, алайда ол өздігінен жағаға жете алмаған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы аумақта кезекшілікте болған ТЖМ құтқарушылары аталған оқиғада жедел әрекет етті. Құтқарушылар құтқару шеңберінің көмегімен ер адамды судан алып шықты.
Құтқарылған 1985 жылы туған ер адам медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
