Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол 54 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.
«Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
