Астанада ер адам жасөспірімді үш жерден пышақтаған. Оқиғаға қатысты Астана қалалық полициясы түсініктеме берді.

Баланы пышақтаған — көршісі. Пышақ жарақаты терең емес. Десе де бұл қылмыстық іс дейді ведомстводағылар.

««Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.»

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицияның айтуынша, ер адам пышақтайтындай жасөспірім екеуінің арасында кикілжің де болмаған. Күдікті бірнеше рет сотты болған, жазасын өтеу мерзімі аяқталмаған.