Астанада көп қабатты тұрғын үй алдында 28 жастағы ер адам алкогольдік масаң күйде егде жастағы ер адамға дене жарақатын келтіріп, оған араша түспек болған 41 жастағы әйелді соққыға жықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға видеоға түсіп қалған. Полиция 28 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғады.
«Ол алкогольдік масаң күйде егде жастағы ер адамға дене жарақатын келтірген, сондай-ақ жәбірленушіге араша түспек болған әйелді де соққыға жыққан», — дейді полицейлер.
Полиция азаматтарға қатысты кез-келген зорлық-зомбылық, дөрекілік пен агрессияға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
