Астанада тұрғын үйдегі лифтіні бүлдірген вандал ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері Тәуелсіздік даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде мас күйінде ортақ мүлікке қасақана сындырып кеткен 34 жастағы ер адамды анықтады.

«Құқық бұзушы қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, алдымен бірінші, кейін екінші лифтінің есігін сындырған. Ол есіктерді қолымен жұлқып ашып, теуіп, жұдырығымен ұрып, нәтижесінде көтергіш жабдықтарды істен шығарды», - деп жазылған хабарламада.

Келтірілген материалдық шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.