Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп кетті. Оқиға 23 қыркүйек күні кешкі уақытта болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде тараған ақпарат бойынша әйел көлігін тұраққа қойған. Сол сәтте күдікті көліктің есігін ашып, оған пышақ жарақатын салған.
Марқұмның артында екі баласы қалды. Полиция мәліметінше кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.
