Астана әкімдігі танымал әнші Энрико Иглесиастың концерті кезінде екі көшенің уақытша жабылатынын ескертті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Концерт 3 қыркүйек күні сағат 20:00-де "Астана Арена" стадионында өтеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және көрермендердің стадионға жылдам жетуі үшін көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Қай көшелер жабылады?
Шектеу "Алау" мұз сарайы жағынан (Марко Поло көшесі) және "Сарыарқа" велотрегі жағынан (Месроп Маштоц көшесі) енгізіледі, делінген ресми хабарламада.
Шаттл бағыттары
Көлік қозғалысына түсетін салмақты азайту мақсатында арнайы шаттл автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 16:00-ден бастап төрт жерден "Астана Арена" стадионына қатынайды. Көрермендер көлігін тұраққа қалдырып, стадионға шаттл автобуспен жете алады.
Шаттл автобустар шығатын жерлер:
- 01Елорда циркі маңындағы тұрақ;
- 02"Әзірет Сұлтан" мешіті маңындағы тұрақ;
- 03Қажымұқан көшесіндегі "Қазақстан" спорт кешені маңындағы тұрақ;
- 04"Нұр-Сұлтан" мешіті маңындағы тұрақ.
Ал концерт аяқталғаннан кейін шаттл автобустар көрермендерді сол тұрақтарға қайтып әкеледі.
