Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сыртқы сауда мәселелеріне арналған кеңес өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңес барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің сыртқы сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелері қаралды. Қатысушылар үшінші елдермен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективаларын талқылады.

Жиынға ЕЭК алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының өкілдері қатысты. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.