Елорда прокурорлары алимент төлеушілерден 2 млрд теңгеден астам қаржы өндіріп алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы Астана прокуратурасы алимент өндіріп алу туралы бойынша сот орындаушыларының 5 мыңнан астам әрекетсіздік фактісін анықтады. Сонымен қатар, 5,5 мың борышкер өз балаларына нақты 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырған.

«Елорда прокурорларының бастамасымен алимент төлемейтіндермен күрестің жаңа әдісі енгізілді – бұдан былай өндіріп алу кезінде бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалған борышкерлердің арнайы техникасы да қамтылатын болады. Жаңа тәсілдің арқасында прокурорлар жалпы құны 2 млрд теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасын анықтады», - дейді прокуратурада.

Бүгінгі таңда прокуратура 2,5 мың балалардың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алды.

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған миллиардтаған кірістер мен арнайы техникаға өндіріп алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ әрекетсіздікке жол берген кінәлі тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тарту жөнінде Әділет министрлігіне қадағалау актісі енгізілді.