Астанада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің туристері мен жанкүйерлеріне арналған ақпараттық акция өтті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Astana Tourism туризмді дамыту орталығының мамандары елордада «Болашақ ойындары 2026» турнирінің туристері мен жанкүйерлеріне ақпараттық жадынамалар мен брошюралар тарату акциясын өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ақпараттық материалдар жарыстарды тамашалауға келген қонақтарға таратылды. Жадынамаларда қалада жүруге қатысты пайдалы ұсынымдар, негізгі қауіпсіздік ережелері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жедел және қалалық қызметтердің байланыс нөмірлері қамтылған.
Акцияға Тәртіпбек маскот-кейіпкері де қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – елорда қонақтарына қалада тез бағдарлануға көмектесу, олардың ақпараттану деңгейін арттыру және халықаралық жарыстар кезінде жайлы жағдай жасау.
