Астанада «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ашылу рәсіміне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысып жатыр. «Болашақ ойындары – 2026» турнирі 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.

Бұл киберспортты, дәстүрлі спорт түрлерін және заманауи технологияларды бір арнаға тоғыстыратын жаңа форматтағы халықаралық жарыс. Астанада өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.

«Болашақ ойындары – 2026» турнирі аясында жарыстар 8 дисциплина бойынша өтеді: фиджитал футбол, фиджитал баскетбол, фиджитал жекпе-жек, фиджитал шутер, фиджитал би, Dota 2, Mobile Legends: Bang Bang және PUBG: Battlegrounds.