Астанада «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық турнирін өткізу үшін дайындық жүріп жатыр. Мультиспорттық турнир 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Елордаға 800-ден астам қатысушы келеді. Турнир бағдарламасына 8 фиджитал дисциплина енгізілген: фиджитал-шутер (Counter-Strike 2); компьютерлік MOBA (Dota 2); мобильді MOBA (Mobile Legends: Bang Bang); Battle Royale (PUBG: BATTLEGROUNDS); фиджитал-жекпе-жек (Fatal Fury: City of the Wolves); фиджитал-футбол (UFL); фиджитал-баскетбол (3on3 FreeStyle); фиджитал-билер (Just Dance).

Фиджитал форматы цифрлық әлем мен оның нақты өмірдегі баламасын біріктіреді. Мысалы, команда әуелі баскетболдың цифрлық нұсқасында бақ сынап, кейін жарысты алаңда жалғастырады. Жарыстар елорданың ірі спорт нысандарында – «Барыс Арена», Beeline Arena, Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені және Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.