Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында Ресейдің Халық бірлігі күніне және Ресей халықтарының бірлігі жылына орай «Бірлік әуені» атты концерт өтті. Бұл туралы Астанадағы Русский дом хабарлады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Концерттің мақсаты мен мазмұны

Хабарламада атап өтілгендей, музыка – аударманы қажет етпейтін әмбебап тіл. Ол мәдениеттерді, ұрпақтар мен халықтарды жақындастырып, өзара түсіністік пен достыққа жол ашады. Қазақстан мен Ресейдің талантты орындаушыларын бір сахнаға тоғыстырған музыкалық кештің басты идеясы да осы болды.

Арнайы қонақ

Концерттің арнайы қонағы – Гнесиндер академиясының түлегі, Мәскеу филармониясының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты, баян аспабының шебер орындаушысы Айдар Салахов.

Іс-шара Астанадағы Русский домның қолдауымен ұйымдастырылды.