Астанада бейтаныс қыздың денесіне қол жүгірткен ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, оқиға елорда көшелерінің бірінде болған. Қыз танымайтын ер адамның ғимаратқа кіреберісте әдепсіз әрекет жасағанын әлеуметтік желіде айтқан. Ер адам қыздың соңынан еріп, оның интимді жерін ұстаған.
Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ер адам уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс жүргізіліп жатыр. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, дейді полиция.
