Астанада құрылыс алаңында башенный кран құлауы салдарынан крановщица аяғынан айырылды. Зардап шеккен әйел үш баласын жалғыз тәрбиелеп отыр және қазір жұмыс берушімен өтемақы мөлшері туралы дауласып жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Апат 31 тамызда кранды демонтаждау кезінде болған. Слесарь оқиға орнында қаза тапқан, ал Акмарал Қарабалиева есін білмей ауруханаға жеткізілген.

Әйелдің айтуынша, құлау алдында жұмысшылар кранның бір секциясын шешкен, содан кейін бірден екі секцияны демонтаждау туралы бұйрық алған.

«Біз башенный кранның бір секциясын шештік. Содан кейін біреу рация арқылы: «Екеулеп алайық, онда не бар!» деп айқайлады. Слесарьлардың бірі: «Тате, қазір бізді шайқайды, ештеңеден қорықпаңыз», — деді. Кранды соншалықты шайқады, мен ұшып кеттім! Әрі қарай мен операциялық үстелде болдым», — деп әңгімеледі Акмарал.

Оның оң аяғы ампутацияланған. Қазір әйел ауруханада жатыр және қатты ауырсынуды жалғастырып жатқанын айтады.

Зардап шеккеннің айтуынша, жұмыс беруші оған мүгедектер арбасын сатып алып, үш айлық жалақы мөлшерінде өтемақы уәде еткен. Акмарал мұндай төлемді жеткіліксіз деп санайды және еңбек қабілетінен айырылуына байланысты ұзақ мерзімді қаржылық қамтамасыз етуге үміттенеді.

Әйелдің ипотекасы да бар. Пәтерді жақында бөліп төлеуге сатып алған, қарызы 19 млн теңгеден асады.

Кранның құлау себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің хабарлауынша, жұмысшы ресми түрде жұмысқа орналасқан және сақтандыру шарты болған.

«Құлау себебі әзірге анықталып жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін акт сақтандыру төлемдері үшін сақтандыру компаниясына жіберіледі», — деп түсіндірді Астана қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті бөлімінің басшысы Рустам Жандосов.

Мүгедектік белгіленгеннен кейін медициналық-әлеуметтік сараптама еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін анықтайды. Ай сайынғы төлемдердің мөлшері осыған байланысты болады.

Акмаралды жақын арада ауруханадан шығару жоспарланып отыр. Ол бір аяқпен жүруді үйренуі керек.