Астана тұрғыны әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі сіңлісін ұрғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, сіңлісінің денесінде соққының іздері қалған.

Полиция бұл жайтқа қатысты ақпарат берді.

"Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, оның ішінде оған қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.