Астанада биыл Азиядағы ең ұзын мұз айдыны ашылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Abu Dhabi Plaza алдындағы саябақта ASTANA WINTER PARK құрылысы басталды.

Мұз айдынының жалпы ауданы 6 000 шаршы метр, ал ұзындығы 1 400 метрді құрайды.

Арнайы чиллерлер жүйесі мұздың қажетті температурасын сақтап, ауа райы жылы күндері де мұз айдынының жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Келушілер үшін коньки жалға беру орындары, жылы павильондар, отбасылық демалыс аймақтары мен қоғамдық тамақтану орындары қарастырылған.

Әкімдік мамандарының айтуынша, жоба Азиядағы саябақ аумағында орналасқан ең ұзын сызықтық мұз айдындарының бірі болмақ.

Мұз айдыны 15 қарашада ашылады.

Ал мұздың қажетті температурасын ұстайтын технологияның арқасында коньки тебу маусымы келесі жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.