Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Сарайшық ауданындағы Байтұрсынов көшесінде, тұрғын үй кешенінің жанындағы көшедегі автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді.
Құтқарушылардың хабарлауынша, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде көліктердің барлығы жанып жатқан. Ведомствоның атап өтуінше, қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тарады.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
