Астанада автобуста қызға қатысты әдепсіз әрекет жасаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық көлікте ер адамның әдепсіз әрекеттеріне тап болғаны туралы қыздың жарияланымын анықтады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте ер адамның әдепсіз әрекеттеріне тап болғаны туралы қыздың жарияланымын анықтады», — делінген полиция хабарламасында.

Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде 46 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Полиция азаматтарға қатысты кез келген әдепсіз әрекет пен құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Айта кету керек, бұған дейін Алматыда көшеде әйелдің денесіне қол жүгірткен шетелдік қамауға алынғаны туралы хабарланған болатын.