Астанада 27 жастағы Hyundai жүргізушісі автобус жүргізушісімен жанжалдан кейін 10 тәулікке қамауға алынды. Ер адам автобус жолағында қозғалысты бөгеп, былапыт сөйлеп, қоғамдық көліктің әйнегіне бірнеше рет соққан, деп хабарлады елорда полициясы. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер жанжалға қатысушыны анықтап, ұстады. Ол Алматы облысының тумасы Тоқтар Нарынбай болып шықты.

«Оған қатысты ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен оған 10 тәулік мерзімге қамау тағайындалды», — деп хабарлады полицияда.

Тексеру барысында ер адамның көлік жүргізуге құқығы жоқ екені анықталды: өтелмеген қарыздық міндеттемелеріне байланысты оның көлік құралдарын басқару құқығы уақытша тоқтатылған.

Сонымен қатар полицейлер жол жүрісі қағидаларын бұзудың басқа да фактілерін анықтады, оның ішінде қозғалысқа әдейі кедергі жасау және тоқтау ережелерін бұзу. Бұлар үшін жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияда жолдағы агрессия мен жол жүрісі қағидаларын бұзу заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.