Астанада қоғамдық көлікте қолма-қол ақшасыз төлем жасағанда жолақы құнын 110 теңгеден 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. Жаңа тарифті желтоқсанның ортасынан бастап енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өсім 40 теңгені, яғни шамамен 36%-ды құрайды. Әкімдікте ұсынысты тасымалдаушылардың шығындарының өсуімен және автобус паркін жаңарту, маршруттық желіні дамыту, көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.
2014 жылы астаналық автобустарда жолақы 90 теңге тұрды. Келесі 12 жылда тариф бір рет қана қайта қаралып, қазіргі 110 теңгеге дейін өсті.
Осы кезеңде, әкімдіктің деректері бойынша, дизель отынының бағасы үш еседен астам өскен: шамамен литріне 107 теңгеден 329 теңгеге дейін. 2014 жылы жүргізушілердің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңгені құраса, қазір автобус сыныбы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады.
Сондай-ақ қосалқы бөлшектерге, шиналарға, аккумуляторларға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және жаңа автобустарды сатып алуға кететін шығындар да өсті.
Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багаж тасымалдау тарифтерін айқындау әдістемесі бойынша жүргізілген есептеулерге сәйкес, 2026 жылы бір жолаушының орташа есептік құны қолданыстағы тарифтен айтарлықтай асып түседі.
Соңғы үш жылда тасымалдаушылар 1127 жаңа автобус сатып алды. Әкімдіктің ақпараты бойынша, олар қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық стандарттардың заманауи талаптарына сәйкес келеді.
Қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. 2018 жылғы 29 наурыздағы қалалық мәслихат шешіміне сәйкес, тегін жүру құқығына ие:
Сонымен қатар, 2020 жылдың наурызынан бастап Астанада оқитын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
Бұған дейін «Курсив» хабарлағандай, қазан айында Астана әкімдігі қоғамдық көлікке арналған жаңа тарифтер жобасын дайындаған болатын. Құжатта қолма-қол ақшасыз төлем кезінде қарапайым жолақыны 150 теңгеге дейін көтерумен қатар, экспресс-маршруттар үшін 300 теңге және қала маңындағы автобустар үшін километріне 13 теңге тарифі қарастырылған.
