Бүгін Астанада болған жол апаты кезінде жүк көлігі көпірден құлап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, жол апаты елорданың айналма жолында болған. Tesla көлігінің жүргізушісі — 49 жастағы әйел — көпірге көтерілетін жол айрығында басты жолмен келе жатқан жүк көлігіне жол бермеген.
«Соның салдарынан көліктер соқтығысып, жүк көлігі жол қоршауын зақымдап, көпірден құлаған. 71 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді», — дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
