Астанада 20 жастағы жүргізуші әлеуметтік желіге контент түсіру үшін Кошкарбаев көпірінде қауіпті маневр жасап, полицияға ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт Toyota көлігін басқару кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған: ол көлік ағындарын бөлуге арналған қауіпсіздік аралымен жүріп өткен. Өз әрекеттерін жүргізуші ұялы телефонына түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде жариялаған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, бұзушылық анықталып, жүргізуші бірнеше бап бойынша жауапкершілікке тартылған: жол жүру бөлігінде көлік құралын орналастыру ережелерін бұзу, көлік басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану, сондай-ақ ұсақ бұзақылық. Сот шешімімен оған 15 тәулік әкімшілік қамақ тағайындалған. Бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылған.

Полиция мұндай әрекеттердің әлеуметтік желілерде танымал болу үшін жасалуы жолдарда нақты қауіп төндіретінін атап өтті. Бұған дейін Астанада «дәретхана блогерлері» ісі қаралған болатын, олар саябақтағы қоғамдық дәретханада «мөлдір» ролик түсіріп, бес тәулік әкімшілік қамаққа алынған еді.