Астанада 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден құлап кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, ол екі жасар бала отырған балалар арбасының үстіне құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан бала көз жұмды.
Әйел де мерт болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
