Астанада «Әділет» партиясының II съезі басталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Съезге 613 адам қатысып жатыр. Жиында «Amanat» партиясымен біріккен жаңа саяси ұйымның атауы жарияланады. Еске салсақ, 12 маусымда Amanat партиясының съезінде қатысушылар «Әділет» партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдаған болатын. Елде Құрылтай сайлауы биыл тамызда өтеді деп жоспарланып отыр.