Астанадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешкен. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның Өскемен қаласының тұрғыны 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды.
"Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған", - дейді полицейлер.
Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды. Полиция оқиғаның видеосын жариялады.
