Астана полициясы мотоцикл және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтер жүргізіп, 600-ге жуық адамды жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, мотоцикл және мопед жүргізушілері көбінесе жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз, сақтандырусыз және техникалық байқаудан өтпеген көліктермен жүргені үшін жауапкершілікке тартылған. Бұзушылықтар тізімінде жылдамдықты асыру, қауіпті маневрлер жасау және қорғаныс құралдарынсыз жүру де бар.

Полиция қызметкерлері заңсыз орнатылған түзу ағынды дыбыс өшіргіштері және басқа да конструкциялық өзгертулері бар тым шулы мотоциклдерге ерекше назар аударады. Маусым басталғаннан бері 300-ден астам мұндай көлік коммуналдық тұраққа жіберілді.

«Мотоцикл қауіптілігі жоғары көлік құралдарына жатады. Қауіпсіздік талаптарын елемеу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін», — деп еске салды полицияда.

Құқық қорғау органдары мотоцикл иелерін ережелерді сақтауға және қала тұрғындарының демалу құқығын құрметтеуге шақырды.

Бұған дейін «Курсив» 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокаттарға қатаң шектеулер енгізілетінін жазған болатын: тротуарларда жүруге тыйым салынады, самокатты тек 18 жастан асқан және жүргізуші куәлігі бар адамдар ғана жалға ала алады, ал құрылғыларда мемлекеттік нөмірлер мен сақтандыру полисі міндетті болады.