Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында 60 жастағы науқасқа қайтыс болған донордың жүрегі салынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Операцияны профессор Юрий Пя басқарған дәрігерлер тобы жүргізді. Донордың жасы 45-те болған, ол миының қан айналымы бұзылуынан қайтыс болған. Жүрек трансплантациясы 5 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты.
Бұл Қазақстандағы жүрек трансплантациясы бойынша 2026 жылғы үшінші операция. Алдыңғы екі операция да сәтті өткен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде донорлық органдардың жетіспеушілігі мәселесі әлі де өзекті.
