Астанада 6 шілдеде «Астана Арена» стадионы маңында Астана күніне орай Open Air мерекелік концертіне байланысты жол қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шектеулер қонақтардың ыңғайлылығы мен іс-шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Көлік қозғалысы «Астана Арена» стадионы маңында — «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарка» велотрегі жағынан шектеледі.

Әкімдік жүргізушілерге маршруттарын алдын ала жоспарлауды және ықтимал кідірістерді ескеруді ұсынды.

Бұған дейін «Курсив» 6 шілдеде Астанада бірнеше алаңдарда Астана күніне орай Open Air мерекелік концерттері өтетінін жазған болатын. «Астана Аренада» іс-шаралар сағат 12:00-де басталып, сағат 18:00-де қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтеді.