Астанада 2026 жылғы 5–7 қараша аралығында көшелердің жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Шектеулер халықаралық саяси іс-шараларды дайындау және өткізуге байланысты енгізіледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы күштері тартылады.

«Сонымен қатар, 1 қарашадан бастап елорданың әуе кеңістігінде әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өткізіледі», — делінген хабарламада.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан уақытша шектеулер мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына түсіністікпен қарауды сұрайды.