Астанада сот 56 жастағы әйелді клиникалардың бірінің аумағында балағат сөздер айтқаны үшін айыппұлға тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның бейнесін Threads әлеуметтік желісін мониторингілеу кезінде анықтаған.

Тексеру барысында полиция әйелдің жеке басын анықтады. Ол елорда тұрғыны Елена Ерохина болып шықты.

Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оған айыппұл тағайындады. Хабарламада оның мөлшері көрсетілмеген.

«Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және қоғамдық мінез-құлық нормаларын бұзатын әрекеттерге жол бермеуге шақырады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Instagram-да Астана қаласының Полиция департаменті (@police__astana) парақшасында жарияланған бейнежазба да тараған болатын.